Бос лауазымдар конкурсына хабарлама
І. Астана қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылдың 20 наурызы мен 2025 жылдың 02 сәуір айы аралығында бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
- Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – 1 орын
- Информатика пәні мұғалімі – 1 орын
- Бастауыш сынып мұғалімі – 3 орын
- Педагог – ассистент – 1 орын
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 1 орын
ІІ.Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды 2025 жылдың 20 наурызы мен 2025 жылдың 02 сәуір айы аралығында электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:
- 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; (15 қосымша)
- 2) жеке басын куәландыратын құжат;
- 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы. (075 форма)
- 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
- 9) Педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
- 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. (16 қосымша)
- 11) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
- 12) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут) ең төменгі ажаратымдылығы - 720 х 480.
Комиссия отырысының шешімі 2025 жылдың 03 сәуір күні мектептің жеке сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Астана қаласы Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі 20,
Кудайбергенова Айгуль Исахановна +77016247672;
Дата: 2025-03-20 00:00:00
Назад к списку