Бос лауазымдар конкурсына хабарлама!
І. Астана қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылдың28 қаңтарымен2025 жылдың 05 ақпан айыаралығында бос лауазымдарға конкурсжариялайды:
- Әлеуметтік педагог – 1 орын
ІІ.Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды2025 жылдың 28 қаңтарымен 2025 жылдың 05 ақпанайы айы аралығында электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; (15 қосымша)
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы. (075 форма)
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. (16 қосымша)
11) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
12. Тәжірибесіжоқкандидаттыңбейнепрезентациясы(кемінде15 минут)еңтөменгіажаратымдылығы- 720 х 480.
Комиссияотырысының шешімі2025 жылдың 06 ақпан күнімектептің жеке сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Астанақаласы Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі 20,
Кудайбергенова Айгуль Исахановна+77016247672;
Дата: 2025-01-28 00:00:00
Назад к списку