Бос лауазымдар конкурсына хабарлама


І. Астана қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2023 жылдың 22 қыркүйектен 2 қазан аралығында бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Педагог ассистент – 1 мұғалім;

ІІ.Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды 2023 жылдың 22 қыркүйектен 2 қазан аралығында электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут), ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Комиссия отырысы 2023 жылдың 3 қазан күні, сағат 12.00–де қабылдайды.

Астана қаласы Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі 20, sh86@yandex.ru, 8(7172) 57-85-95; +77016247672;


Дата: 2023-09-22 00:00:00

Назад к списку
educate