Нұр-Сұлтан қаласы Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 9 сәуір күні «Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында оффлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

2022-04-11 00:00:00
Нұр-Сұлтан қаласы Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 9 сәуір күні «Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында оффлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
1 бөлім: Ата аналарды қарсы алу.
"Кел, танысайық" (ата аналардың бір бірімен ойын түрінде танысуы) метеп психологтары Л.Қ.Темірхан, С.М.Бектурганова.
Мектеп директоры күн тәртібімен таныстырды
Мектебіміздің қамқоршылық кеңестің төрағасы Жүкенов Жұмажан Камкенович биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстар есебі берілді.
Күн тәртібінде:
1. 2021-2022 оқу жылының білім сапасының қортындысы. ББЖМ жайында және 9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындық директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразбекова Гүлмира Ораловна
2. 2021-2022 оқу жылындағы дарынды оқушылардың жетістіктері директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Жакалакова Салтанат Қонақпаевна
3. Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау (мөлтекаудан бойынша)
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Боранбаева Айгүл Қайроллақызы
4. Оқушылардың қосымша біліммен қамтылуы, жетістіктер, үйірме жұмыстары. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бұсырман Шынар Атмұхамбетқызы мен Аскарбаева Айгүл Бакытжановна таныстырды
5.Әртүрлі мәселелер.
Мектеп директоры С.Б.Сыздыкова сөз алып, күн тәртібімен таныстырып. Қаралған мәселелер бойынша директордың орынбасарлары баяндады.
Жиналыс соңында ата-аналар тараптарынан сұрақтар қойылып, тың жауаптарын ала алды.
Ата-аналар жиналысы "Мектебіміздің жетістіктері" тақырыбында концерттік бағдарламасымен жалғасады.
Міне, мектепте біліммен қатар, жан-жақты шыңдалып жатқан жайымыз бар. Біліммен сусындатып, өнермен өрлеткен, спортпен шыңдаған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз!