11.04.22 күні 86 мектеп-гимназиясында ғылым күніне орай 5"В" және 5"Е" сынып оқушылар арасында Не?Қайда?Қашан? атты интелектуалды ойыны өтті.

2022-04-12 00:00:00
11.04.22 күні 86 мектеп-гимназиясында ғылым күніне орай 5"В" және 5"Е" сынып оқушылар арасында Не?Қайда?Қашан? атты интелектуалды ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру. Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын кеңейту.
Ойын 3 кезеңнен тұрды.
I кезең "Бәйге"
II кезең "Жорға"
III кезең "Көкпар"
Ойын барысында оқушылар алған білімдерін жан-жақты көрсете білді. Өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алды. Әділ қазылардың бағалауы бойынша, Әділет тобы мен Ақиқат тобы бірдей көрсеткіш көрсетті. Екі топ арасында достық жеңіп, балалар бір-бірлерінің қолын алып, жақсы тілектерін білдірді.