Мектебімізде қыркүйек айынан “Ұстаздар көшбасшылығы” Жобасы жұмыс жасап келеді. Көшбасшы ұстаздарымыз 9 сәуір күні мектепаралық кездесуге қатысты

Мектебімізде қыркүйек айынан “Ұстаздар көшбасшылығы” Жобасы жұмыс жасап келеді. Көшбасшы ұстаздарымыз 9 сәуір күні мектепаралық кездесуге қатысты

2022-04-11 00:00:00


Мектебімізде қыркүйек айынан “Ұстаздар көшбасшылығы” Жобасы жұмыс жасап келеді. Көшбасшы ұстаздарымыз 9 сәуір күні мектепаралық кездесуге қатысты. Кездесу “Бәріне арналған мектеп” Қоғамдық білім қорының директоры Гүлбадан Закаеваның кіріспе сөзімен басталды. Мектепаралық кездесуге жобаға қатысатын мектеп директорлары, фасилитаторлары мен көшбасшы ұстаздар қатысты. Республикалық деңгейде өткен бұл кездесудің берері өте көп, себебі дамыту жобасымен қыркүйек айынан жұмыс жасап келе жатқан әр Ұстаз -Көшбасшы өз тәжірибелерін ортаға салды. Кездесу бірнеше топтық сессиялардан тұрды. Онда дамыту жобасының кәзіргі уақытта сыныппен, мектептегі оқу үдерісіне, қоғаммен қарым-қатынасына қалай әсер етуде? Оқушылар, ата-ана, әріптестеріммен қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады? Бағдарламаға қатысу процесін құжаттау мен дамыту жобамды жүргізуді жеткен табыстарым қандай? Дамыту жобасын жүргізерде жеткен жетістіктерімді әріптестеріммен қалай бөлісемін, қалай қорытындылаймын, нені өзгерттім? Көшбасшылықты қалай түсіндім? ,- сынды сұрақтарға жауап алынды. Мектебіміздің фасилитаторы Асем Амандыққызы қазақ тобындағы сессияны жүргізді. Бастауыш сынып мұғалімдері Авдирахман Б., Айдарова Б., ағылшын тілі пән мұғалімі Ермуханбетова М., информатика пән мұғалімі Абсалямова А. өз тәжірибелерімен бөлісті.

Базаркуль Сыздыкова

Асем Толеубекова

 

Назад к списку
educate