Құрметті ата-аналар!

2022-04-01 00:00:00
2022 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамыз аралығында 2022-2023 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғаларының ЭЦП кілті арқылы жүзеге асырылады.
1. Қабылдауға керекті құжаттар:
фото 3*4 (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен;
баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы;
денсаулық паспортының мөр қойылған беттерінің сканерленген нұсқасы (порталдың ішінде нұсқаулықта көрсетілген).
2. Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар хатшының кабинетіне тапсырылу қажет.
3. Қабылдау комиссияның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағ: 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00.
Ескерту
1. Өтініш беру үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілдері мектепке жеке куәлігімен келуі керек.
2. egov.kz порталы ЭЦП кілттеріңіз арқылы жүзеге асырылады.
Назад к списку