М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Ынтымақтасқан, бірлескен орта – жаңашыл білім берудің кепілі» атты әдістемелік күн өткізілді. Негізгі мақсат: оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету

2022-02-19 00:00:00

18.02.2022 күні М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Ынтымақтасқан, бірлескен орта – жаңашыл білім берудің кепілі» атты әдістемелік күн өткізілді. Негізгі мақсат: оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Әдістемелік күн көтеріңкі көңіл күймен басталды. Мектептің астыңғы қабатында «Домбыра» үйірмесі оқушыларының орындауында тамылжыған күйлер тыңдалды. 1-11 сыныптар бойынша он бір ашық сабақ және «Бағалау: кері байланыстың маңызы» атты тренинг, «Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жою жолдары», «Оқу мен оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» атты коучингтер жоғары деңгейде өткізілді. Сыныптан тыс зияткерлік, танымдық ойындар өткізу арқылы оқушының танымдық қабілетін саралай білдік. Әрбір жоспарланған жұмыстар соңында кері байланыстар берілді. Әдістемелік күн соңында «Көңілді мәре» атты мұғалімдер арасында спорттық жарыс өткізілді. Жалпы бір күнде бірнеше әріптестеріміздің іс-тәжірибесімен таныса отыра, өз қоржынымызды толықтырдық. Сонымен қатар, спорттық ойын арқылы көңілімізді де көтере білдік.

Назад к списку
educate