Мектебімізде 10 ақпан күні «Аттила көшпелілер мен еуропа халықтарының көшбасшысы» еріктілер клубы аясынада «Ұлы дала қырандары» атты оқушылар клубының ашылу салтанаты өтті

2022-02-10 00:00:00
Мектебімізде 10 ақпан күні «Аттила көшпелілер мен еуропа халықтарының көшбасшысы» еріктілер клубы аясынада «Ұлы дала қырандары» атты оқушылар клубының ашылу салтанаты өтті. Клубтың ашылуында Қазақстандағы ФИДЖИП-ЮНЕСКО клубтар желісінің өкілі, «Global САПА» білім беру орталығының директоры Шингужинова Тлектес Сайхатановна, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, профессор, ғылыми кеңесші Нурлан Сарсенбаевич Мунбаев, «Астана Опера» АҚ Корпоративтік хатшысы Огай Кымбат қатысты. Іс- шара барысында Аттила клубының жұмыс жоспары және мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды. Клубтың жас зерттеушілері өздерінің ізденіс жұмыстарын қорғады. Алдағы уақытта клубтың белсенді мүшелері қалалық, халықаралық іс-шараларға белсене араласып, ізденіс жұмыстарын одан әрі жандандыруды жоспарлап отыр.