Астана қаласы «Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы» бойынша 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі

2024-01-18 00:00:00
Қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Мектебімізде білім күніне арналған дәстүрлі "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің қамқоршылық кеңесі төрағасы Жұмажан Қамкенұлының ақ тілегімен бастау алды. Салтанатты жиын дарынды, жан-жақты оқушыларымыздың әсем әнімен көмкеріліп, келген қонақтар мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алтын ұямызға қадам басқан 1-сынып оқушылары алғашқы қоңырауларын соғып, ерекше әсер қалдырды.
Жиынннан кейін барлық оқушыларға сынып сағаты өткізілді.
Айта кетейік, биыл мектебімізге бірінші сыныпқа 420 бүлдіршін қадамдарын басып, оқушы атанып отыр.
Барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға жаңа оқу жылы сәтті өтсін!
https://www.instagram.com/p/CwpVJcKruRV/
«Әжелер мектебі» мүшелерімен 8-сынып қыз балаларымен кездесу болды. Кездесу мақсаты: тұлғаның жоғары адамгершілік, қол-өнерге баулу, еңбек сүйгіштік, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.
Әжелер өздерінің айналысатын қол өнерімен таныстырып, олардың қалай жасалынатынын түсіндіре отырып, өз ақылдарын қыз балаларға көркем түрде жеткізді. Әр әжеге сөз кезегі беріліп, баталарын берді. Қыздарымыз әжелеріміздің қолындағы құрал-жабдықтарға ерекше назарларын аударды. Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, аса қызығушылықтарын танытты. Сондай-ақ, әжелерге өз алғыстарын айтып, кездесу соңы суретке түсумен аяқталды.
«Әкелер мектебі» жобасы аясында бүгін мектебімізде әкелер мектебінің алғашқы отырысы өтті. Әке шаңырағы – теңдесі жоқ өмір мектебі. Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде. Олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Осы мәселелер жөнінде жиналысқа қатысқан әкелер қауымы өз ойларын ортаға салды. «Әкелер кеңесінің» құрамы бекітіліп, әкелер мектебінің мақсаты мен негізгі міндеттері талқыланып, күтілетін нәтиже анықталды.
https://www.instagram.com/p/CxGI9IWIaCg/
Бүгін мектебімізде М.Әуезовтің туғанына 126 жылдығына арналған “Мұхтар - кемеңгер тұлға” іс-шарасы өтті. Кеште М.Әуезовтің бала, бозбала, студент, кемелденген кезі сахналық қойылым ретінде көрсетілді. Қойылым арасында Абай әндері орындалып, күй, би тамашаланды. Келген қонақтар, ата-аналар, оқушылар алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/CxvO2cGM33s/
Кемеңгер жазушы М.Әуезовтің 126 жылдығына орай «Әуезов саңлақтары» атты пән бірлестіктері арасында қойылым сайысы өтті. Әр пән бірлестігі жазушының көркем шығармаларынан үзінді алып, шағын сахналық қойылым көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті жеңіске жетті. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталып,қатысушыларға алғыс білдірілді.
https://www.instagram.com/p/Cxx-wbAMX8r/
“Ұстазға тағзым” апталығының аясында “Ұлағатты ұстаз - қоғам тірегі” атты мерекелік кеш өтті.
Құрметті ұстаз, төл мерекеңіз құтты болсын! Ұстаз - алдына келген әр шәкіртінің жүрегіне ерекше жылулық себетін аяулы тұлға. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де ұстаз. Ұрпақ тәрбиелеудегі абыройлы істеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
https://www.instagram.com/p/CyBsud5rZ9S/
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған апталық «Менің Қазақстаным» атты салтанатты мерекелік кешпен қорытындыланды.
Мақсаты - білім алушылардың туған жерін, туған елін ардақтауға баулу, отансүйгіштік ұлтжандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Салтанатты кеш «Кең байтақ жерім» атты театрландырылған қойылыммен басталып, мектеп оркестрінің орындауындағы «Алаш аманаты» күйімен жалғасты. Мерекелік кеште мектебіміздің оқушыларынан құралған «Самғау», «Күншуақ» эстрадалық вокалді тобы, «Жасын» квартетінің әншілері, «Гаухартас» би тобының мың бұралған бишілер тобының өнерлері тамашаланды. Кеш соңында «Айналайын» ансамблі мен барлық қатысушылар Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін орындады. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын!
https://www.instagram.com/p/Cyx205DL4-1/
Қазақстан Республикасы күніне орай мектебіміздің 4,5 сынып озат оқушылары «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына, «Жас ұлан» ұйымының кіші тобы «Жас қыранға» қабылданды.
Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, еліміздің бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушыларымыз «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының мүшесі атана отырып, алдағы уақытта осы ұйымдардың дамуына өз үлестерін қосатын болады.
https://www.instagram.com/p/CyyYPdSM7II/
Мектебіміздің президенті Тастемирова Жанель Мектепішілік және студенттік парламент президенттерін ұлықтау рәсіміне қатысты✅
https://www.instagram.com/p/Cy6H7xQrbXQ/
Мектебімізде Берекелі күзге арналған 1- сыныптар арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Бүгінгі мерекелік іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті.
Мұғалімдер "Алтын күз" мерекесіне тыңғылықты дайындағандарын көрсетті.
https://www.instagram.com/p/Cy6JB1_LGbM/
31 қазан күні М.Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясында мектепішілік маусымдық "Ұлы дала ұланы" этнолагерінің күзгі каникул кезінде өткізілген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тақырыбы: "Қырқым, күзем жүнді сабау, сырмақ жасау".
Мазмұны: Күзем жүннен өнімдер дайындау.
Мақсаты: Күзгі науқандық жұмыстардың пайдасы туралы түсінік беру.
Шығармашылық жұмыс:
1. Жүнді сабау
2. Жүнді түту, иіру кезеңдерін көрсету.
3. Киіз басу
4. Сырмақ жасау.
Осы кезеңдер бойынша бастауыш сынып мұғалімдері: Абишева Ф.Р, Аханова Г.А, Қосыбаева Г.Н, Сахова А.Ө, Ибраева Г. Д, Нурбаева К.А, Айдарбекова Ғ.А, Туркестанова Л.У, Ибраева Г.Ж, Авдирахман Б. А, Сарай Н.С. мектебіміздің оқушыларына тамаша көңіл-күй сыйлады. Әр алаңда оқушыларға арнап жүн иіру, жүнді сабау, киіз басу және сырмақ жасауды әріптестеріміз көрсетті. Бүгінгі "Күзем айы" этнолагер іс-шарасын өткізген әріптестерімізге көп рахмет!
https://www.instagram.com/p/CzEF3w_swDV/
Бүгін мектебімізде "Құндылыққа негізделген білім беру" жобасының аясында сынып жетекшілер жұмысын ұйымдастыру мақсатында семинар-тренинг өтті.
Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне жоба бойынша білім алған 21 мұғалім тәжірибелерімен бөлісіп, көп ақпараттар мен құнды мәліметтер ортаға салынды. Сондай-ақ, мектебіміздің психологтары тренинг жүргізіліп, семинар барысында мұғалімдерге ситуациялық сұрақтар қойылып, жағдаяттар шешілді. Ұрпақтар сабақтастығы туралы айтылып, мектепішілік буллинг жайлы сөз қозғалды.
Семинар-тренингтің соңы "Құндылыққа негізделген білім беру" жобасымен барлық мұғалімдер жұмыла жұмыс атқарылуы ұсынылып, әр айға құндылықтар бойынша жоспар жасалынды
https://www.instagram.com/p/CzGj-T4rT9D/
2 қазан күні М.Әуезов атындағы 86 мектеп- гимназиясының мектепшілік маусымдық
"Ұлы дала ұланы " этнолагердің күгзі демалыс кезінде Тарих әдістемелік бірлестігінің ұйымдастырылуымен іс-шара болып өтті.
Тақырыбы: "Киіз үй жабдықтары"
Мазмұны: Киіз үй жабдықтар атауын және қолданылуын көрсетіп, түсіндіру.
Мақсаты: Киіз үй және оның жасау- жабдықтары туралы айтып, көрсету. Өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қол өнерін оқушы бойына сіңіру, ұлттық танымдық қабілетін, өнерін кеңейту.
https://www.instagram.com/p/CzJDjcrLP64/?hl=ru
03 қараша күні М. Әуезов атындағы №86 мектеп- гимназиясында мектепішілік маусымдық «Ұлы дала ұланы» этнолагерінің жобасы аясында күзгі демалыс кезінде өтетін, күзем айы этнолагерінде эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен іс- шара өткізілді.
Тақырыбы: Жүн иіру. Ши тоқу.
Мақсаты: Мектеп ата-ана, оқушы, үштік одақ құра отырып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына және рухани, материалдық мәдениетіне байланысты қол өнерді насихаттау.
Шығармашылық жұмыс түрі: Күзем жүннен жіп иіру, ши тоқудыдың түрлерін үйрету.
Оқушыларға күзгі науқандық жұмыстардың пайдасы мен ұлттық қолөнердің бір түрі ши тоқу туралы мағлұмат берілді.
Оқушылар өз қолдарымен , қалаған өрнекпен ши тоқыды
https://www.instagram.com/p/CzOg0LCoCMc/?hl=ru
2023 жылдың 9 қарашасында М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Құқығым бар» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Мақсаты: жасөспірімнің қиын жағдайда өз мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілігін дамыту,қиын жағдайларда кеңес беру. Жиналысқа 8-11 сынып ұлдары қатысты. Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ
УПИ полиция майоры, ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ғ.Т.Шамаева «Бала құқығы» тақырыбында ұл балаларға профилактикалық әңгіме жүргізді. Қауіпсіздік, қауіпсіздіктің алдын алу бойынша, «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында және бөтен адамға жоламау тақырыптарына ұлдарға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушыларға буллинг,кибербуллинг,ұрлық жасау, түнгі уақытта ата-анасыз жүру,ойын-сауық орталықтарына бармау, қоғамдың ортаны ластамау т.б мәселелер бойынша құқық бұзушылық жағдайлары орын алғанда қандай жазалар қолданылатыны нақты заңнамадағы баптармен түсіндірілді. Әңгіме барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері жеке-жеке айтылды.
https://www.instagram.com/p/CzbE8Ztrp0t/?hl=ru
Бүгін мектебімізде мектеп президентін және парламент фракцияларынының басшыларын ұлықтау рәсімі өткізілді. Мақсаты - білім алушыларды Отанын сүюге, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік шығармашылық қабілетін қалыптастыру, мектеп парламентінің жаңа құрамымен білім алушыларды таныстыру.
Мектеп президенті - Тастемирова Жанель;
Вице-президент - Бердіғұл Ерғали;
Атқару фракциясы - Киргизбай Азамат;
Азаматтық фракция - Досжанова Аружан;
Жоба фракциясы - Тунгушбек Гүлсезім;
Евент фракциямы - Жарылқасын Жанерке;
БАҚ/Медиа фракциясы - Белгібай Сая.
Парламент - оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
https://www.instagram.com/p/CzqOW3ZsDFl/?hl=ru
15 қараша күні мектебімізде «Қыз қылығымен» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа 422 оқушы қатысты.
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулык т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.
Жеке бас тазалығы - гигиена және зиянды әдеттер жайында толығырақ мәлімет алу, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсініктеме беру.Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы кыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулак сактап, жақсы касиеттерді дарыта білу.
Жиналысты №15 қалалық емхананың гинеколог-дәрігер маманы Мендіханова А.М., ЖТД Тоқбаева Д.С., психолог Бажекенова Н.С. қатысуымен жасөспірім қыздардың гигиенасы, жасөспірімдер арасында ерте жүктілікті алдын алу мақсатында және жеке бас гигиенасы бойынша түсіндірме жұмыс жүргізілді. Дәрігер ағзадағы физиологиялық өзгерістеріне, сонымен қатар қыздардың жеке бас гигиенасына тоқталды, бейнероликтер көрсетілді. Жиналыс кеңес беру, сұрақ-жауап түрінде өтті. Сұрақ-жауап барысында қыздар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
«Қызым үйде - қылығы түзде» демекші қыз баланың жүріс - тұрысы мен жеке бас гигиенасының сақталуы тәрбиенің негізі болып саналады.
https://www.instagram.com/p/CzqYcGlMu-R/?hl=ru
2023 жылдың 15 қараша күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында төтенше жағдайлар кезіндегі дағдыларды қалыптастыру, студенттер арасында мүмкін болатын қауіпті жағдайларды азайту, өзін- өзі құтқару және өзара көмек көрсетудің негізгі әдістері мен амалдарын білу деңгейін арттыру мақсатында Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздіктің алдын алу мәселелерімен айналысатын мектеп және студенттік Парламент өкілдері үшін төтенше жағдайларда өзін қорғау бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Czs_d_Br6mo/?hl=ru
«Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында №86мектеп-гимназиясында республикалық «Бас табан» және «Бес асық» челленджі өткізілді. Мектебіміздің ойын алаңында бір мезгілде асық ойындары ойнатылып, оқушылар белсене қатысты.
Мақсаты: білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. Асық ойнау – баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, шапшаң қимылдауына әсер етеді. Бұл кең көлемді челлендж қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған. Сондықтан, мектепте ұлттық ойын түрлерін дамыту үшін оқушыларды асық ойынына баулу - басты құндылықтардың бірі.
https://www.instagram.com/p/CzvosI4L2AI/?hl=ru
18.11. күні М. О. Әуезов атындағы № 86 мектеп - гимназиясының 1-11 сыныптар арасында шахматтан мектепішілік турнир өтті. Шараның басты мақсаты аталмыш интеллектуалды ойынды оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып, стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Шахмат – әлемдегі кең таралған ойындардың бірі және тұлғаның ой-өрісін дамытуда орны ерекше. Осы қарқынды жалғастыру мақсатындағы турнирге қызығушылық танытқан оқушылар тіркеліп, 28 қатысушы өзара бақ сынасты. Турнирде ұшқырлығымен ерекшеленген шахмат үйірмесіне қатысушылар жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Атап айтқанда, І орын - 1ғ сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали, ІІ орын - 7ә сынып оқушысы Балғабекқызы Гүлниса, ІІІ орын - 7ғ сынып оқушысы Кенесары Ернияз иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/Cz5ailHoO5L/?hl=ru
6 желтоқсан күні мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына «Есіл» университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Калиев Асқар Қыдырұлы және кафедра доценті, заң ғылымдарының кандидаты Кемелбеков Сәкен Тәліпбайұлы «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.
Мақсаты: кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ұғымын, түрлерін және оның маңыздылығын оқушыларға түсіндіру. Дәріс барысында кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер айтылды. Кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері , кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары, олардың қылмыстық жазадан айырмашылығы жайында мәліметтер айтылды.
https://www.instagram.com/p/C0gvKcEsjmY/?hl=ru
Мектебімізде “Жаңа жыл -2024” мерекесіне орай 9-сыныптар арасында мектепішілік волейбол жарысы өтті. Жарыс өте тартысты, әрі қызықты өтті. Жарысқа жеті сынып командалары қатысып, 3-орынды 9 “ Б”, 2- орынды 9 “Г”, 1-орынды 9 “ А” сынып командалары иеленді. Ойында үздік ойын көрсеткені үшін “ Үздік ойыншы”, “Үздік шабуылшы”, “ Үздік қорғаушы”, “ Үздік үйлестіруші” номинацияларымен 9 “А”, “ Б”, “ Г” , “ Ж” сынып оқушыларының топ жарған ойыншылары марапатталды. Барша қатысушы командалар “Белсенді ойын” үшін және сынып жетекшілері “Алғыс хат” мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарысты ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз, алтын уақыттарын бөліп келген 9 ғ, г сыныптарының жетекшілері жарайсыздар…
https://www.instagram.com/p/C1OhEa4oZEe/?hl=ru
Жаңа 2024 жылдың алғашқы күндерінде 86 мектеп-гимназиясында баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында,
қыс мезгіліндегі демалыста этнолагерь жобасы аясында «Дәстүр- соғымбасы немесе түйімшілік көне
дәстүр- соғымбасы көрсетілді.
«Соғым басы – елдің асы» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігі дәстүрді көрсетті.Соғым басы — қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталатын мейрам.Қазақтың қазаны майлы, көңілі жайлы болсын. Дәстүрімізді жас ұрпақ алдында дәріптей берейік
https://www.instagram.com/p/C1pGNVUI-OV/?hl=ru
22 желтоқсанда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының жұмысы аясында мектебімізде «Бірыңғай ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мақсаты -
отбасында эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту. Міндеттері -
-ата-аналардың отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсетуге, қарым-қатынаста шынайылық танытуға деген ұмтылысын дамыту; «Айналайын», «Махаббат тілі», «Эмоционалдық манипуляциялар» және т.б.ұғымдардың мағынасын түсінуге ықпал ету;
-қарым қатынаста сезімдерді білдіру дағдыларын, жоғары сынып оқушысымен шетін тақырыптарға сөйлесе білуді қалыптастыру. Ашық есік күні 8 аймақ жұмыс істеді.Ата –аналар аймақ бойынша бөлініп, ата-ана, ұстаз, оқушы үштік одағын қамти отырып іс-шараларға белсене қатысты. Ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, ұсыныстарға оң көзқарас танытты. Барлығы 124 ата-ана қатысып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
https://www.instagram.com/p/C1KaUaGsoNE/?hl=ru
Этнолагерь жобасы аясында бүгін орыс тілі және әдебиеті бірлестігі “Соғым басы - қазы айналдыру” тақырыбында оқушыларға соғым маусымының дәстүрлі тағамын әзірлеу жолдарын ұсынды.
https://www.instagram.com/p/C1rD9A2MW1s/?hl=ru
2024 жылдың 04 -қаңтар күні
Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, қыс мезгіліндегі демалыста «Соғым маусымы» этнолагері жобасы аясында « Көне дәстүр- соғымбасы немесе түйімшілік» атты іс – шараның жоспары бойынша мектебіміздің МИФ және эстетика әдістемелік бірлестігі «Сыбаға деген не?», «Соғым басы – бата тілек» тақырыбында оқушыларға дастархан басында көрсете отырып, әңгімелеп айтып берді.Дәстүр бойынша шекеге бата берілді
https://www.instagram.com/p/C1rR-qLrTgI/?hl=ru
Бүгін мектебімізде тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен қыс мезгіліндегі баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Соғым маусымы» этнолагерь жобасы аясында «Көне дәстүр – соғымбасы» атты іс шара өтті.
Іс шарада үлкен дастархан барысында мектебіміздің оқушыларына қыстың басы соғым союдан басталаның және кең-байтақ қазақ даласында алаш баласы күздің соңы, қыстың басында алты айлық азығын қамдап алатын ерекше кезең екендігі түсіндірілді. Салтымызда дәл осы соғымның айналасында да талай-талай жөн-жоралғы бар екендігін және соғым сою барысы айтылды.Соғымбасында қуырдақ тағамы қандай орын алатыны да айтылды. Соғым шарасын ұлттық дәстүрмен байланыстырылған мағыналы жиын болды.
https://www.instagram.com/p/C1rab45MVZB/?hl=ru
2024 жылдың 5 қаңтарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде құндылықтарға бағытталған тәрбиені жүзеге асыруда сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелермен қатар «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал директоры, педагог-тренер, коуч Шерхан Жұмабекұлы Арапбай, «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал психологы Ержанова Назым Ерсуратовна құндылыққа негізделген семинар-коучинг өткізіп, құнды мәліметтермен, тәжірибелерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/C1un3aOrtuQ/?hl=ru
2024 жыл
05 Қаңтар күні “Жаратылыстану” әдістемелік бірлестігі мұғалімдері оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ЭТНОЛАГЕРЬ жобасы аясында “Көне дәстүр-соғымбасы” тақырыбында оқушылармен іс-шара ұйымдастырды.Кең-байтақ Қазақ даласында Алаш баласы күздің соңы,қыстың басында алты айлық азығын қамдап алатын ерекше кезең.Салтымызда дәл осы соғымның айналасында талай-талай жөн жоралғы бар екендігін,сол жоралғылар жайында әңгімеледі.Сонымен қатар соғымға сойылған еттен қуырдақ асының қалай дайындалатындығын айтып берді.
https://www.instagram.com/p/C1vqQlQI1jt/?hl=ru
Назад к списку