Үздіктер!!!

Үздіктер!!!

12 November 2021


2021 жылдың 14-20 қазан аралығында және 4 қараша күні білім беруді  жаңғырту орталығы  Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы және «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен «Ең үздік тәрбие жұмысының орынбасары» атты  қалалық конкурс өтті. Байқау шарты екі кезеңнен құралды. Байқауға М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аскарбаева Айгуль Бақытжанқызы қатысты. 1-кезең  «Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының өмірінен бір күн»  атты бейнеролик дайындау болды. Айгуль Бақытжанқызының  бүр күнгі жұмыс тәжірибесінен дайындаған бейнетүсірілім сараптау комиссиясы тарапынан ең жоғары ұпайға  ие болып, екінші кезеңге жолдама алды. 4 қараша күні  «Менің педагогикалық ұстанымым»  тақырыбында авторлық жоба қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия алқасы  Айгуль Бақытжанқызының еңбегін мазмұнды, тәлімдік мәні бар жоба деп тауып,  III дәрежелі дипломмен марапаттады және электронды оқулықты сыйға тартты.  Айгүл Бақытжанқызы олжасын, электронды оқулықты  мектеп кітапханасына тарту етті. Байқауға  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірнеше мектеп қатысса, соның ішінен мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Аскарбаева Айгуль Бақытжанқызы         3-орынды жеңіп алды. Айгүл Бақытжанқызына шабыт, шығармашылық еңбек жемісін тілейміз.%ЦЕПАСТЕБИН%

educate