Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

09 December 2025


Ауа температурасының -25…-26 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті сіздерге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау – өте маңызды!  

Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:


•⁠ ⁠Пештердің, газ және электр жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;  

•⁠ ⁠Тек зауытта жасалған, жарамды және сертификатталған құрылғыларды пайдаланыңыз;  

•⁠ ⁠Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, қосулы құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз;  

•⁠ ⁠Жанғыш материалдардан қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз;  

•⁠ ⁠Өздігінен жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз;  

•⁠ ⁠Мұржалардың дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда тазалаңыз.


Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді:  

Жылытқыш құрылғыларды дұрыс пайдалану — сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!


Өз өміріңізге бей-жай қарамаңыз — қауіпсіздікті сақтаңыз!

educate