Бос лауазымдар конкурсына хабарлама!

11 August 2025
І. Астана қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылдың 11 тамызы мен 2025 жылдың 19 тамыз айы аралығында уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды:
1. Бастауыш сынып мұғалімі – 5 орын (уақытша)
2. Бастауыш сынып мұғалімі – 2 орын (тұрақты)
3. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын 16 сағат (тұрақты)
4. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын 16 сағат (тұрақты)
5. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі– 1 орын 16 сағат (уақытша)
6. Математика пәні мұғалімі -1 орын 16 сағат (уақытша)
7. Физика пәні мұғалімі -1 орын 16 сағат (тұрақты)
8. Информатика пәні мұғалімі -1 орын 16 сағат (тұрақты )
9. Информатика пәні мұғалімі - 1 орын 16 сағат (тұрақты )
10. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар үшін) -1 орын 16 сағат (тұрақты )
11. Көркем еңбек пәні мұғалімі (қыздар үшін) -1 орын 16 сағат (тұрақты )
12. Педагог - психолог – 2 орын (тұрақты)
13. Әлеуметтік педагог – 1 орын (тұрақты)
14. Директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары – 1 орын (тұрақты)
ІІ.Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды 2025 жылдың 11 тамызы мен 2025 жылдың 19 тамыз айы аралығында электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ
175/2020 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Комиссия отырысының шешімі 2025 жылдың 21 тамыз күні мектептің жеке сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Астана қаласы Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі 20, Кудайбергенова Айгуль Исахановна +77016247672;