«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды!

25 July 2025
Құрметті ата-аналар, мектеп түлектері, кәсіпкерлер, жүрегі жомарт азаматтар!
М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алды.
Мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке қажетті киім, құрал-жабдықтармен көмек көрсету.
🤝 Сізді осы сауапты іске үлес қосуға шақырамыз!
📌 Қамқорлыққа зәру балаға қуаныш сыйлау – адамгершіліктің ең биік көрінісі.
Кішкентай ғана көмегіңіз үлкен үмітке айналуы мүмкін.
Жақсылық жасаудан жарысайық!