«Дос болайық» лагерінің мерзімдері төменде көрсетілген мерзімдермен тағайындалсын.

05 May 2025
📌📌📌
І маусым - 02.06.25 - 13.06.25, сағ. 10:00-13:00
ІІ маусым - 16.06.25 - 27.06.25, сағ. 10:00-13:00
ІІІ маусым - 30.06.25 - 11.07.25, сағ. 10:00-13:00 Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
Міндеті:
– жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету;
– балдырғандардың тұлғалық дамуын назарға алу, әке мен бала сабақтастығын нығайту.
Өтілетін іс-шаралар: Мәдени, ойын-сауық және білім беру, дамыту шаралары
Күтілетін нәтиже:
1. Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2. Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3. Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру
№ Уақыты
Тақырыбы
1 09.30-10.00 «Қайырлы күн,жас өрен!»
(Оқушыларды қарсы алу)
2 10.00-10.30 «Шынықсаң, шымыр боласың!»
(Ертеңгілік жаттығу)
3 10.30-11.00 Топтық жұмыс
(Тәрбиешілер жоспары бойынша)
4 11.00-12.00 Шеберханалар
5 12.00-12.30 Топтық жұмыс
(Тәрбиешілер жоспары бойынша)
6 12.30 – 13.00 «Жақсылықпен кездесейік!»