Көктемгі мұз – қауіпті!

Көктемгі мұз – қауіпті!

01 April 2025


Көктем келген сайын су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті бола түседі. Бұл кезеңде мұздың беріктігі әлсіреп, күтпеген жерден опырылып кетуі мүмкін. Көптеген адамдар мұздың енді мықты емес екенін ұмытып, қайғылы жағдайларға тап болады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың кепілі!


Көктемгі мұздағы қауіпсіздік ережелері:


Мұз үстіне шығуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Көктемде мұз тез еріп, әлсіз әрі қауіпті болады.

Мұздың беріктігін түсі бойынша анықтауға болады: көгілдір түсті мұз – ең мықтысы, ақшыл, сұрғылт, сарғыш және күңгірт мұз – өте қауіпті. Мұндай мұз ескертусіз қирап кетуі мүмкін.

Түнде, жылы күндері және нашар көріну жағдайында (тұман, жаңбыр, қар жауған кезде) мұзға шығуға болмайды.

Ағынды өзендер, көпірлердің асты, қамыс өскен жерлер мен судың құйылатын тұстары мұзы ең жұқа әрі ең қауіпті болады.

Балықшылар мен табиғат аясындағы демалысты ұнататындар есте сақтауы керек: қыста берік болған мұз көктемде кез келген уақытта морт сынуы мүмкін.


Егер мұз жарылып, суға түсіп кетсеңіз:


Қолыңызды мұздың шетіне кең жайыңыз, басыңызды суға батырмауға тырысыңыз.

Мұздың мықтырақ болуы мүмкін жаққа – келген ізіңізбен жылжыңыз.

Резкі қозғалыстар жасамаңыз, мұз шетін сындырмай, кеудеңізбен мұзға жатып, аяғыңызды кезекпен шығарыңыз.

Мұз үстіне шыққан соң, домалап алысырақ жылжыңыз, содан кейін еңбектеп қауіпсіз жерге барыңыз.


Мұз астына кеткен адамға қалай көмектесуге болады:


Оған көмекке бара жатқаныңызды айтыңыз, сонда ол үрейленбейді.

Жерге еңбектеп жақындаңыз, қолдарыңызды кең жайып, мұзға салмақ түспеуін қадағалаңыз.

Шана, шаңғы, тақтай немесе басқа да жалпақ заттарды астына қойып, тірек жасаңыз.

Мұз жиегіне жақындамаңыз, әйтпесе өзіңіз де суға түсіп кетуіңіз мүмкін.

Адамға арқан, белдік, шарф немесе ұзын таяқ 3–4 метр қашықтықтан лақтырыңыз.

Оны мұз үстіне шығарып, еңбектеп қауіпсіз жерге алып барыңыз.


Суға түскен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету:


Егер адам суды жұтып қойса, тыныс алу жолдарын тазалап, оны ішпен тізеңізге жатқызып, басын төмен қаратып, суды шығаруға көмектесіңіз.

Егер тыныс алмаса – жасанды тыныс алдыру мен жүрек массажын бастаңыз.

Киімдерін шешіп, құрғақ киім кигізіңіз, егер ол болмаса, киімін сығып, оны қайта кигізіп, үстін полиэтиленмен жауып, жылынуына көмектесіңіз.

Зардап шеккен адамды жылы жерге апарыңыз, көрпеге орап, ыстық шай беріңіз.

“103” жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе “112” мен “101” нөмірлеріне хабарлаңыз.


Көктемгі мұз өте қауіпті! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз және өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз!

educate