Жас маман жетекшісінің жылдық жүргізілген жұмысының есебі
08 October 2024
М. Әуезов атындағы 86 мектеп-гимназия «Жас мамандар» мектебінің жарты жыл бойғы шығармашылық есеп беру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шығармашылық есеп берудің мақсаты – жас мамандардың шығармашылық негіздерін арттыру, педагогикалық қызметке деген қызуғушылығына ықпал жасап, тәжірибе алмасуға әрекеттендіру; жас оқытушылар бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Сандуғаш Ғаниқызына 5 сыныптар бекітіліп берілді. Пән мұғалімі ретінде сыныптан тыс жұмыстарын да жүйелі жүргізеді. Білмегенін сұрап, үйренуден жалықпайды. Сыныбы 5-сынып болғандықтан, оқушылардың енді бастауышты бітіріп келгендігін ескеріп, сыныптардың сынып жетекшілерімен және де ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасау т.б. жұмыстарға үздіксіз әдістемелік көмек берілді.
Еламанова Сая Омержановна 2 «З» сыныбы бекітіліп берілді. Сынып жетекші ретінде сыныптан тыс жұмыстарын да жүйелі жүргізеді. Білмегенін сұрап, үйренуден жалықпайды. Сыныбы 2-сынып болғандықтан, оқушылардың құжаттарын рәсімдеу, жүйелеп папқаға салу, әр оқушыны күнделікке енгізу, ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасау т.б. жұмыстарға үздіксіз әдістемелік көмек берілді.
2023-2024 оқу жылының қырқүйек айының 1-күнінен бастап жас маман
Шалгынбаева Келбет Мейрамкызы «биология» пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым. Маған тәлімгер ретінде өз ісінің шебері, білікті маман педагог зерттеуші Наганова Назгүл Сайлаубаевна бекітілді. Тәлімгерім ең алдымен еңбек ережесі тәртібімен және функционалдық міндеттермен, инструктивті әдістемелік хаттармен таныстырды.
Оқу жылына қажетті нормативті құжаттармен таныстырды. Бағдарламамен қалай жұмыс жасау қажет, күнтізбелік жоспарды құрастыру, күнделікті сабақ жоспарын қалай құрылымдау қажет және электронды күнделікпен жұмыс жасу туралы жұмыстарға әдістемелік көмек берді.
Архатқызы Мөлдір 1 «Ж» сыныбындағы инклюзивті оқушыға бекітілді. Педагог-ассистент ретінде ерекше баламен жұмыс істеу барысында жас маман шыдамдылығын көрсетті. Оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болып, баланы назарда ұстады. Оқушының ортаға сіңісіп кетуіне көмек көрсетті.
Мектеп психологы, логопед, дефектолог, кітапхана және мектеп дәрігерімен жұмыс жасау, тығыз байланыста болу туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Баламен үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.
2021-2022 оқу жылының қазан айынан бастап жас маман Дәуір Асылбек Дәуірұлы «дене шынықтыру» пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.
2021 жылы 10 қазан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында және ұстаздар күнін мерекелеу аясында «Алматы» ауданының мұғалімдері арасында волейболдан турнирінде 1 орын иеленді
Әр маман өзінің жұмыс жүйесін, жұмыстағы табыстары мен қиындықтарын презентация арқылы баяндады.
Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар дамыған заман ағымында, әр жаңа бастаудың басында жастар тұратыныа күмәніміз жоқ, сондықтан да, келешек өмірімізде Қазақстанның көгінде көк байрақты желбірететін жастар екеніне зор сеніммен қараймыз.
Екінші жартыжылдықта жас мамандар сайысы жоспарға сай ұйымдастырлды. 3 кезеңнен тұрды.
І кезең Эссе жазу
ІІ кезең Портфолио
ІІІ кезең Жас мамандар сайысы
І кезеңге тоғыз жас маман қатысып, жеті жас маман келесі кезеңге өтті.
Портфолио жинаудың мақсаты жас мамандардың қандай жетістіктері бар екені тексеру.
Төрт мұғалім сайысқа ІІІ кезеңге түсті. Атап айтсақ;
Жаңбыр Аружан
Ғарифолла Айжан
Асхатқызы Тоғжан
Елубай Тоғжан
Сайысқа түскен мұғалімдер өз өнерлерін көрсетіп, орындарға ие болды.
Бас жүлдені Ғарифолла Аружан иеленді.
ІІІ тоқсан педагогикалық кеңесте Жас мамандар «Заманауи әдіс-тәсілдерді» көрсетті.
Жас мамандар әртүрлі заманауи тәсілдерге тоқталды.
Pliekers бағдарламасы, лабароториялық жұмыстар, куркума әдісі т.б. әдістердің түрлерін көрсетті. Көп мұғалім өздеріне керектеріне алды.
Сонымен қоса әр жас мамандар ашық сабақ берді.