«Саржайлау» этнолагері бойынша есеп

«Саржайлау» этнолагері бойынша есеп

09 July 2024


Астана қаласы әкімдігінің

М.Әуезов атындағы

№86 мектеп-гимназиясы ШЖҚ МКК

«Саржайлау» этнолагері бойынша

ЕСЕП

17.06.2024-28.06.2024 аралығында өткен Саржайлау этнолагерінде барлығы 10 топ болды. Топтардың атаулары: «Жетіген», «Сұңқар», «Тұлпар», « Болашақ», «Балдәурен», «Балауса», «Жалын», «Көкжиек», «Шабыт», «Көгершін» . Барлық топтар жоспар бойынша жұмыс атқарып, әр күн тәртібіне сәйкес жұмыс жасады. Лагерь барысында топ оқушыларында «Ұлттық Музей» күні өтіп және «Хэппилон» атракциондарында ойын-сауық күні өтілді. Лагерьдің жабылуында барлық топ оқушылары Ұлттық Саябақтарға пикникке барды. Жалпы күн тәртібі бойынша этнотәрбиеге сәйкес, күнделікті шеберханалар жұмыс жасап тұрды. Әр шеберханалардың үйірмелік процесстері күнделікті топтардың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіліп отырды. Шеберханалардың түрлері: «Робототехника», «СТЭМ», «Қыш өнері», «АРТ студио», «Шеберлер» , «Қиялшылар», «Бес асық», «Тоғызқұмалақ», «Домбыра», «Ән мен әнші» шеберханалары өткізілді. Әр шеберхананың өзіндік мақсаттарына сәйкес кұнделікті үйірмелер орындалды. Әр оқушы жаңа маман иелерімен танысып қана қоймай, жаңа өнер түріне де үйренді. Этнолагерьдің мақсатына орай қойылған барлық талаптар орындалып, оқушылар күнде жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтып отырды. Лагерьдің барлық күнінде оқушыларға уақытылы ас мәзірі бойынша түскі ас беріліп отырды. Аталған топ жетекшілері оқушылармен күнделікті топтық жұмыстар және топтық ойындар жүргізді. Әр оқушының жеке қызығушылығына орай, шығармашылық жұмыстар жүргізе білді.

«Робототехника»үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту.Робототехника - ол бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

STEAM-тәсілдің арқасында оқушылар бірден бірнеше пәндер, яғни информатика, физика, технология, инженерия және математика бойынша дамып қана қоймай, күнділікті меңгеріп жүргендерінің теориялық қана емес, қолданбалы сипаты да бар екенін түсінеді.

Мысалы; мектептегі оқушылардың қызығушылығын арттырып отырған робототехника оқушылардың STEАM-құзыреттілігі мен ғылыми-зерттеушілік, инженерлі-техникалық, математикалық және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Осы ойын түрлерінің барлығы, балаларды ұлттық тәрбиеге дағдыландырады.

Тоғызқұмалақ үйірмесінің мақсаты: оқушылардың бойында ойлау қабілетін арттыру,біліктілік пен дағдыларын дамыту,төзімділікті қалыптастыру. Әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, достыққа жігерлендіру міндеттерін бойларына сіңіру. Тоғызқұмалақ ойыны тарихы соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр.

Лагердің басты мақсаты ұлттық құндылықтарды дарыта отырып, ұлттық тәрбие беру. Сол жұмысты, түрлі үйірмелер арқылы оқушыларды қызықтырып, қазақилықты дәріптеу болып саналады. Барлық оқушылар үйірмеге қызығушылықпен қатысып, жақсы шығармашылық толқынмен кері байланыста болды.

educate