М.Әуезов атындағы мектеп -гимназиясының 2024 жылғы “Балақайлар мектебі” мектеп алды даярлық қысқа мерзімді курсының жиырмасыншы күні өтті

28 June 2024
4-апта бөлімі: “Мен болашақ жұлдызбын”. Тақырыбы: “Ұлттар достығы” бойынша ойын-сауық арқылы ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері жүргізілді. Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстанымызда өмір сүретін ұлттарды біледі. Әр ұлттың киімдері, тағамдары, құндылықтарымен танысады. Әрбір ұлт өкілін сыйлауды, құрмет көрсетуді үйренеді. Сабақ соңында ата-аналармен кездесу өтіп, балалардың бір ай бойы жасаған жұмыстарымен танысты. Ата-аналар балақайлар мектебінің ұстаздары Айжан Сарарбекқызы, Гүлзада Шамұратқызы, Айжан Нұржанқызына ерекше алғыс білдіріп, ыстық ықыластарын жаудырды. Бүгінгі күн ата-ана үшінде, оқушы үшін де, ұстаз үшін де есте қаларлықтай болып өтті.