2024 жылдың 20-маусым, “Саржайлау” этнолагерьінің екінші маусымының 4- күні.

20 June 2024
Этнолагерімізді таңғы жаттығу жасаудан бастадық. Әр топ рапорт берді. Кесте бойынша топтар шеберхананың жұмыстарына қатысты. Қыш шеберханасында сазбалшықты өңдеу тәсілдері және теориялық сабақ жүргізілді. ART STUDIO шеберханасында «Өрім технологиясы» туралы ақпарат берілді. Жас шебер шеберханасында «Ұлттық сүт тағамдары дәрумен көзі- Құрт party» өткізілді. Бес асық шеберханасында “Бірлік, екілік. Үштік ойыны” ойнатылды. Оқушылар бүгін бір ғана шеберханаларға қатысты. Сосын олар Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына топ саяхатқа барды. Мұражайда түрлі көне заттарды көргендерін айтты. Түскі ас ішкеннен кейін де топтық жұмыстар жүргізілді.
Этнолагерьдің төртінші күніне оқушылардан кері байланыс алынды. Қызықты болғанын, ертең тағыда келетіндерін жеткізді. Ата-ананың да ризашылығын да естіп жатырмыз.