2024 жылдың 19-маусым, “Саржайлау” этнолагерьінің екінші маусымының 3- күні.

19 June 2024
Этнолагерімізді таңғы жаттығу жасаудан бастадық. Әр топ рапорт берді. Кесте бойынша топтар шеберхананың жұмыстарына қатысты. Қыш шеберханасында сазбалшықты өңдеу тәсілдерін оқушыларға үйретті. ART STUDIO шеберханасында 4 өрім қамшы өруді меңгерту тәсілін меңгертті. Жас шебер шеберханасында пано жасау «Ұлттық ыдыс -Торсық» жұмыстарын жасады. Бес асық шеберханасында Ж.Д .Д, қозғалмалы ойын «Қос қоян» түрі ойнатылды. Бір күнде бір топ үш шеберхана жұмысына қатысады. Шеберханадан кейін топтың жұмыстар жүргізілді. Түскі ас ішкеннен кейін де топтық жұмыстар жүргізілді.
Этнолагерьдің үшінші күніне оқушылардан кері байланыс алынды. Қызықты болғанын, ертең тағыда келетіндерін жеткізді. Ата-ананың да ризашылығын да естіп жатырмыз.