«Саржайлау» этнолагері бойынша есеп

14 June 2024
03.06.2024-14.06.2024 аралығында өткен Саржайлау этнолагерінде барлығы 10 топ болды. Топтардың атаулары: «Жетіген», «Сұңқар», «Тұлпар», « Болашақ», «Балдәурен», «Балауса», «Жалын», «Көкжиек», «Шабыт», «Көгершін» . Барлық топтар жоспар бойынша жұмыс атқарып, әр күн тәртібіне сәйкес жұмыс жасады. Лагерь барысында топ оқушыларында «Ұлттық Музей» күні өтіп және «Хэппилон» атракциондарында ойын-сауық күні өтілді. Лагерьдің жабылуында барлық топ оқушылары Ұлттық Саябақтарға пикникке барды. Жалпы күн тәртібі бойынша этнотәрбиеге сәйкес, күнделікті шеберханалар жұмыс жасап тұрды. Әр шеберханалардың үйірмелік процесстері күнделікті топтардың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіліп отырды. Шеберханалардың түрлері: «Робототехника», «СТЭМ», «Қыш өнері», «АРТ студио», «Шеберлер» , «Қиялшылар», «Бес асық», «Тоғызқұмалақ», «Домбыра», «Ән мен әнші» шеберханалары өткізілді. Әр шеберхананың өзіндік мақсаттарына сәйкес кұнделікті үйірмелер орындалды. Әр оқушы жаңа маман иелерімен танысып қана қоймай, жаңа өнер түріне де үйренді. Этнолагерьдің мақсатына орай қойылған барлық талаптар орындалып, оқушылар күнде жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтып отырды. Лагерьдің барлық күнінде оқушыларға уақытылы ас мәзірі бойынша түскі ас беріліп отырды. Аталған топ жетекшілері оқушылармен күнделікті топтық жұмыстар және топтық ойындар жүргізді. Әр оқушының жеке қызығушылығына орай, шығармашылық жұмыстар жүргізе білді.