2024 жылғы “Балақайлар мектебі” мектеп алды даярлық қысқа мерзімді курсының төртінші күні өтті

06 June 2024
1-апта “Мен” тақырыбы бойынша, “Мені қоршаған әлем” тақырыпшасы бойынша ойын-сауық арқылы ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері жүргізілді. Мақсаты: Қоршаған әлеммен танысып, қоршаған ортаны қорғау туралы ұғымды қалыптастыру. “Мені қоршаған әлем” тақырыбында сөйлесе отырып, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға бейімдеу. Балалар бойында қуаныш,мақтаныш ұялап,жақсы көңіл-күйде болды.