"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының қалалық слеті

"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының қалалық слеті

09 October 2021


Қайырлы күн! Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қалалық слеті басталғанын хабарлаймыз! Слет барысында мектеп оқушылары қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруды көздейді. Осы орайда Есіл ауданы мектептері арасында «Тик-Ток» түсіру байқауы, Алматы ауданы мектептері арасында «Адал еңбек – жарқын өмір» тақырыбында үздік сурет байқауы, Сарыарқа ауданы мектептері арасында «Адал ұрпақ – қоғамдық тәртіп негізі» тақырыбында презентациялар байқауы, Байқоңыр ауданы мектептері арасында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында бейнеролик түсіру бойынша байқаулар өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілікі тілейміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыру – жалпыға ортақ іс. 

educate