18 қаңтар күні Астана қаласындағы М.Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясының 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІI республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіндегі іріктеу түрі болып өтті.

18 January 2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Астана қаласындағы М.Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясының 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІI республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіндегі іріктеу түрі болып өтті.
Іріктеу кезеңге мектепішілік бойынша 36 оқушы қатысты, оның ішінде 3 оқушы
жүлделі орындарға ие болды.
2 “Ж” сынып оқушысы Сенбек Нұртас, сынып жетекшісі: Ғарифолла А.Н.
3 “К” сынып оқушысы Серікқызы Даяна сынып жетекшісі: Баймулдинова М.Д.
4 “Ә” сынып оқушысы Анварбек Сандуғаш сынып жетекшісі: Есжанова Ж.П.
Қалалық турнирге I орын алған оқушылар қатысады. Жетекшісі болып, Абдукадирова М.Е. апарады.
Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!
@orazbekovagulmira1
@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@astana_daryny
@astana_adistemelik_ortalyq
@akimat__astana
@parlament_school_student
@bilimastana
@rumcdo_official