Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында “Жасыл Ел” акциясы аясында көшеттер отырғызу мақсатында «Жасыл мекен” челенджі өтеді.

Мұхтар Әуезов атындағы  №86 мектеп-гимназиясында  “Жасыл Ел” акциясы аясында көшеттер отырғызу  мақсатында «Жасыл мекен” челенджі өтеді.

12 May 2023


Астана қаласы әкімдігінің «Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

13 мамыр сағат 12-00-де Астана қаласы әкімдігінің

Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында “Жасыл Ел” акциясы аясында көшеттер отырғызу мақсатында «Жасыл мекен” челенджі өтеді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты - көшеттерді отырғызу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп айналасын көгалдандыруға тарту болып табылады.

Мектеп ауласында:

- “Жасыл мекен” флешмобы өтеді;

- Жұмылған түрде мектеп ауласына сынптардың атынан көшеттер отырғызу сәті өтеді.

«Жасыл мекен» челенджіне балалардың құқығын қорғау бойынша Оқу- Ағарту Министрлінің Кеңесшісі Шер Раиса Петровна және мектебіміздің оқушылары, мұғалімдері қатысады.

Телефон: (7172)57-85-95

Email: sh86kz@yandex.ru

Сайт: http://86mektep.edu.kz/

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, А.Бөлекпаев көшесі, 20

13 мамыр, Астана қаласы -2023

educate