Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

06 April 2022


Құрметті ата-аналар!  2022 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамыз аралығында 2022-2023 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.  Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғаларының ЭЦП кілті арқылы жүзеге асырылады.  1. Қабылдауға керекті құжаттар:  фото 3*4 (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен; баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы; денсаулық паспортының мөр қойылған беттерінің сканерленген нұсқасы (порталдың ішінде нұсқаулықта көрсетілген).  2. Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар хатшының кабинетіне тапсырылу қажет.  3. Қабылдау комиссияның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағ: 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00. 

Ескерту  1. Өтініш беру үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілдері мектепке жеке куәлігімен келуі керек.  2. egov.kz порталы ЭЦП кілттеріңіз арқылы жүзеге асырылады.

educate