Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазағым!» атты іс-шара болып өтті

Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазағым!» атты іс-шара болып өтті

22 October 2022


21.10.2022 күні сағат 8.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №86 М.О.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазағым!» атты іс-шара болып өтті.
Аталмыш шараға Астана қаласы мәслихатының депутаты Жапарова Гүлжамал Алькеевна, М.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, Суретшілер одағының мүшесі Анарбеков Талғат Абдукаримұлы және Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының өкілі қатысты.

Мерекелік жиынға келген қонақтарды мектеп кіреберісінде флешмоб билеп, оқушылар қарсы алды. 1-2-қабатта бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының қолымен жасалған бұйымдармен безендірілген «Көк байрағым - елдігім, еркіндігім!» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Көрмеге Астана қаласының макеті, Қазақстанның болашағы бейнеленген көріністер, Рәміздер, бала қиялынан жасалған туған жерге деген махаббаты бейнеленген қолөнер бұйымдары қойылған. Мектебіміздің 3-4-қабатына көтерілген қонақтар оқушылардың өнеріне, таланттарына тәнті болды. Пән бірлестіктері оқушылардың қатысуымен бауырсақ пати, атамекен, туған жер тақырыбында ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу, күй тартысын ұйымдастырды. Мектеп дәлізінде Тәуелсіз мемлекетіміз жайлы деректі фильмді және оқушылардың интеллектуалды сұрақ-жауап сайысын тамашалады.
Бастауыш сынып және орта, жоғары буын оқушыларының өнерлерімен танысқан қонақтар 2-қабаттағы акт залына көтеріліп Республика күніне арналған әдеби-әуезді композициялық қойылымды көрді. Қорытынды кеш ұлтымыздың өнер саңлақтары ақын Мұқағали Мақатаев, композитор Шәмші Қалдаяқов және күйші Нұрғиса Тілендиевтің диалогтарымен басталып, қойылымның өнбойында ақын Мұқағалидың «Отан» атты өлеңі оқылып, күйші Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі шертіліп, соңында Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным!» әні орындалып, көрермендерді ерекше сезімге бөледі.
Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазағым!» атты жиынды мектеп директоры Б.С. Сыздықова қорытындылап, гимназияның білікті ұстаздары мен қызметкерлерін «М.О.Әуезовтің 125 жылдық» мерейтойына арналған медалмен марапаттады.

 

#РеспубликаКүні
#ДеньРесублики

@bazarkulsyzdykova
@bilimastana

educate