М. О.Әуезов атындағы №86 мектепте оқушылармен «Тәуелсіздік- туған елдің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

21 October 2022
Мерекелік күнтізбеде Республика күнінің қайта жаңғыруы – Жаңа Қазақстан ұрпағы оның бастауы мен сабақтастығын мойындауының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың ерік- жігерінің белгісі.
25 қазан Республика күніне орай, М. О.Әуезов атындағы №86 мектепте оқушылармен «Тәуелсіздік- туған елдің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға құқық қорғаушы Ержан Қожахметов келіп, оқушылармен адам және азаматтың құқығы туралы пікірлесіп, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің маңызды шарттарына байланысты оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға өз ойын білдірді .